Енді КӘЖ-ді А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің П.И. Чужинов атындағы экономика және құқық институтының директоры Әлібек Табылденов басқарады.
Жаңа басшыны тағайындау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми сараптамалық тобының отырысы аясында өтті, онда ғалымдар 2020 жылда жасалған жұмыстарды қорытындылады.
Кездесу барысында этносаралық қатынастардың жай-күйі мен динамикасы және Қостанай облысындағы этносаралық ахуал мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының жобасы және Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы қаралды.
Кездесу соңында ғылыми сарапшылар тобының мүшелері этносаралық қатынастар, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы 2021 жылға арналған жұмысты жоспарлады.