object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-12 23:03:16.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ғылымдағы ҚАЖЫРЛЫ еңбектің нәтижесі - «Құрмет» ОРДЕНІ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық ғалымдарға мемлекеттік наградалар табыстады. Марапатталғандардың қатарында ҚӨУ-дің профессоры Аманжол Күзембайұлы бар.

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында мемлекет басшысы отандық ғалымдармен кездесіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Президент әртүрлі ғылым салаларында табысты еңбек етіп, елдің өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген кездесу қатысушыларына шын жүректен алғысын білдірді.
Президент Қазақстанның болашағы отансүйгіш әрі жоғары білікті ғалымдардың қолында екенін атап өтті. Мемлекет ғалымдарды жан-жақты қолдап, оларға барынша қолайлы жағдай жасай беретінін жеткізді.

- Бұл залда отырғандардың арасында өмірін ғылым мен білімге арнаған көрнекті мамандар, ғылым ардагерлері мен дарынды жас ғалымдар бар. Тағы да баршаңызға алғыс білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында Президент ғалымдарға мемлекеттік наградаларды тапсырды. Ғылым саласындағы елеулі жетістіктері үшін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Аманжол Күзембайұлы «Құрмет» орденімен марапатталды. Ғалым жарты ғасырдан астам уақытын ғылым мен білімге арнаған.

Құрметті профессорды лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық пен амандық тілейміз. Сізбен мақтанамыз!

Қабылдау комиссиясы