object(DateTime)#1056 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-25 14:36:13.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Құрмет» ордені: Ректорымыз – мақтанышымыз!

Бүгін Jastar Saraiy-ында Республика күніне арналған салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті.

Шара барысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің түрлі салаларының дамуына үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік марапаттарды табыстады. Марапатқа ие болған азаматтардың бірі – Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаев.

Сейтбек ҚУАНЫШБАЕВ – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры, география ғылымдарының кандидаты, география ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының мүшесі, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты.

Белсенді азаматтық ұстанымы мен өңірдің өркендеуіне қосқан елеулі еңбегі үшін Сейтбек Бекенұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Барша ҚӨУ ұжымы атынан Сейтбек Бекенұлын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің табанды еңбегіңіз бен ел дамуына қосқан үлесіңіз – баршаға үлгі.

Біз Сізбен мақтанамыз!

Қабылдау комиссиясы