Проректорға орден

Наурыз мейрамы қарсаңында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Президентінің атынан елдің қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыстады.

Марапатталғандардың қатарында Baitursynuly University-дің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темірбеков бар.

Нұрлыхан Мұқанұлына «Құрмет» ордені табысталды. Бұл – экономика, әлеуметтік сала, ғылым, мәдениет, білім беру салаларын дамытуға қосқан зор үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін берілетін жоғары мемлекеттік награда.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Мақтан тұтамыз!!!

Қабылдау комиссиясы