object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-27 20:26:50.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Онлайн викторина

Оқу қашықтық форматта өтіп жатқанына қарамастан, Экономика және құқық институтының басшылығы студенттерге арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастыру арқылы студенттік өмірді әртараптандыруға тырысады, өйткені  студенттік өмір тек білім алумен ғана шектелмейді. «Логика қайда?» онлайн викторинасы «Маркетинг», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Есеп және аудит» мамандықтарының 1 курс студенттері арасында өтті. Викторина аттас теле бағдарлама форматында өтті.

Онлайн викторина

Ойынды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады, олар: гуманитарлық ғылымдар магистрі, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері, сонымен қатар қазылар алқасының төрағасы Ринат Нукешов; Рудный мемлекеттік архивінің қызметкері, гуманитарлық ғылымдар бакалавры Гүлназ Шагирбаева және «Тарих» мамандығының 3 курс студенті Анеш Байжаркенова.

Осы викторинаны ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқан «Есеп және аудит» мамандығының 1 курс студенті Олеся Крячкинаны ерекше атап өткен жөн.

Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Айдана Мағамбетова, Марат Ақшалов;

II орын - Лейла Әлиева, Бекзат Жүсіпов;

ІІІ орын - Мадина Құрбанбаева, Әсемнұр Әбдіқалиева.

Қабылдау комиссиясы