А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің қызметкерлері үш күн бойы студенттер және ата-аналар қауымдастығымен бағдарлы кездесулер өткізді.
Оқу үрдісіндегі жаңашылдықтар, университеттің жаңа мәртебесі және университетке келу ережелері студенттер мен талапкерлер арасында көптеген сұрақтар туғызды. Біздің ресми аккаунттарға күн сайын 100-ден астам хабарламалар келіп түседі. Онлайн кездесулерді өткізудің негізгі мақсаты – студенттер қауымдастығын жасалып жатқан жұмыс туралы мүмкіндігінше ақпараттандыру және туындаған сұрақтарға жауап беру. Оқу алгоритмін бірінші семестрде қарастырдық:
- 1-5 курс студенттеріне арналған оқыту форматы туралы түсіндірілді;
- қашықтықтан оқыту кезінде жұмыс істеу ережелері таныстырылды;
- университет ғимараттарының мекен-жайлары туралы ақпарат берілді;
- жатақханаға орналасу туралы ақпарат берді.
Үш күндік диалог барысында біз 1200-ден астам студенттер мен 430 бірінші курс студенттерінің ата-аналарын қамтыдық. Біз оқу процесін ұйымдастыру, медициналық тексеруден өту, қашықтықтан және аралас оқыту туралы сұрақтарға жауап бердік. Сауалдардың көбі бірінші курс студенттері тарапынан болды. Біз бұл алаңдаушылықты түсінеміз. Сондықтан, онлайн байланыстар аясында біз бірінші курс студенттерінің ата-аналарымен жеке кездесу ұйымдастырдық және бірінші курстың студенттерімен бөлек кездестік.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті диалог пен өзара әрекеттестікке ашық. Біздің басты міндетіміз - студенттерімізге барлық жағдай жасау.
Жаңа оқу жылында кездескенше!