object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 19:20:55.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-дің табысты ынтымақтастығы тақырыбында

Baitursynuly University ректоры Сейітбек ҚУАНЫШБАЕВ ауыл шаруашылығы білімі мен Жібек жолын зерттеу саласындағы ынтымақтастықтың 9 Форумына қатысуда.

Кездесу Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатыр. Мұнда осы аптада халықаралық деңгейде а/ш білімі мен Жібек жолын зерттеу саласындағы инновациялар Жыл сайынғы Альянсының конференциясы ұйымдастырылды.

Форумға әлемнің түрлі елдерінің оқу орындары мен ғылыми институттарының басшылары қатысып жатыр. А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ректоры біздің университетіміздің Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен (NWAFU, Қытай) табысты ынтымақтастығы тақырыбында баяндама жасады. 

Сейітбек Бекенұлы Форум алаңында ҚӨУ және NWAFU ғалымдары қатысатын халықаралық эксперимент туралы айтып берді. Бірлескен жоба аясында Қостанайда ҚХР-дан әкелінген картоп, бидай, соя, жүгері, рапс және жоңышқаның элиталық дақылдарының сорттық сынағы өтуде.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті Қытай жоғары оқу орнымен өткен жылдан бері ынтымақтасып келеді. Осы көктемде Қытайдан келген магистранттар Baitursynuly University-де тағылымдамадан өтті.

Оқу орындары академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттер алмасуды жолға қоюды және «Агрономия» бағыты бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Қабылдау комиссиясы