Жалпыуниверситеттік семинардың кезекті отырысы «Экономикалық теорияның өзекті мәселелері: теория және практика» тақырыбына арналды.
Семинарға П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының «Экономика және қаржы» кафедрасының профессоры, э.ғ.д., профессор Сансызбай Жиентаев; институт директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Әлібек Табулденов; әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып, сондай-ақ «Жалқуар» ЖШС директоры Савитбек Әбілқасов және «ННН-2000» ЖШС директорының орынбасары Валентин Өтеулин, сондай-ақ экономика және қаржы кафедрасының, «Қаржы» және «Менеджмент» ББ-ның магистранттары мен студенттері қатысты.
Ә.Табулденов «П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтында кәсіптік бағдар беру жұмысының жай-күйі: тәжірибе және келешегі» тақырыбында баяндама жасап, онда кәсіптік бағдар жұмысын жүзеге асырудың негізгі бағыттарын атап өтті. Сонымен қатар кәсіптік бағдар берудің цифрлық көрсеткіштеріне тоқталды, талапкерлермен кәсіби жұмыс жүргізуде шет елдің озық тәжірибелерін қолдануға ұсыныс жасады.
Профессор Қалқаман Жақып институт оқытушыларының өңірдің өзекті әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелері бойынша БАҚ-та белсенді болуларын өтінді және мектептерде кәсіптік бағдар беруге студенттерді тартуға кеңес берді.
«Экономика және қаржы» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. Дина Кенжебекова студенттерге жаңа мамандықтардың облыстық Атласын қалыптастыру, кадрлардың біліктілігін арттырудың облыстық стандарты, экономика салалары мен аймақтары туралы айтып берді.
Семинар жастарды кәсіптік қызмет пен жұмысқа орналастырудағы бар проблемаларды талдауға, оларды конструктивті шешу бойынша идеялар мен ұсыныстарды ескеруге мүмкіндік берді.