Бүгін Baitursynuly University ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық акциясын қолдап сенбілікке шықты.
Студенттер, оқытушылар, декандар, проректорлар мен университет ректоры Сейтбек Қуанышбаев Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті бас корпусының алдында қарағай көшеттерін отырғызды.
Бас корпустың алдындағы қылқан жапырақты алыптар бұрыннан-ақ Қостанайдың визиттік карточкасына айналған. Биыл көктемде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында оларды тағы да жаңарту туралы шешім қабылданды. Студенттер мен оқытушылар өз көшеттерінің орнын есте сақтап қалуға тырысып, “болашақта немерелерімізді өз ағашымызға алып келерміз” деп әзілдесті.
Сонымен қатар бұл шара арқылы университетіміз Қазақстан бойынша өткізіліп жатқан экочелленджді қолдады. ҚӨУ студенттері М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті тарапынан жіберілген экологиялық шақыруды қабыл алды.
Енді біз де С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне өз экошақыруымызды жолдаймыз.
Еліміздің көркеюіне бәріміз бірге атсалысайық!