Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіне жұмыс сапарымен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Амангелдинқызы Есімова келді.
Бақыт Амагелдіқызының облыста жұмыс істеген алғашқы күнінен бастап ғылымды дамытуға және жастар мәселесіне көңіл бөлуі өте маңызды.
Біз материалдық-техникалық базамызды көрсеттік. Бүгінде университетте 7 ғимарат, 4 академиялық және 3 қолданбалы институт, 6 спорт ғимараттары мен алаңдары, 3 жатақхана бар. Сонымен қатар, Елбасының 3-ші бастамасын орындау мақсатында Абай даңғылы 28-де 700 орындық 9 қабатты жатақхананың құрылысы басталады.
Ғылыми зертханалар облыс әкімі орынбасарының ерекше қызығушылығын тудырды. Диалог барысында Бақыт Амангелдіқызы халықаралық ынтымақтастық, зерттеушілердің америкалық зертханаларда тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру шаралары жайында бірқатар нұсқаулықтар айтты және COVID-19-ды анықтау бойынша бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға қатысты ұсыныстарын айтты.
Бірлескен жаңа жобалар болады деп күтеміз!