object(DateTime)#1051 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-15 14:43:01.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Айтылған сөз - атылған оқ

ҚӨУ педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасының студенттері мен оқытушылары ақын, жазушы Серікбай Оспановтың 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кешіне қатысты.

ҚӨУ профессоры Айбек Шалғымбеков атап өткендей, мұндай шаралар студенттерге рухани құндылықтар мен туған жерге деген сүйіспеншіліктің әдебиетке қалай әсер ететінін көріп-білуге мүмкіндік береді.

«Біздің басты мақсатымыз – сөз өнерінің асыл шеберімен танысып, ұрпақтар арасындағы тікелей байланысты сезіну, мәдени мұрадан шабыт алу», – дейді профессор.

Айта кетейік, студенттеріміз үшінші курс кезінде Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын зерттеген. «Ыбырай жолы» тақырыбында олар Серікбай Оспановпен жеке кездесіп, дәрісін тыңдаған. Сол кезде ақын студенттерді мерейтойына шақыруға уәде еткен. Уәдесінде тұрды!

 Кеш шығармашылыққа, шабытқа және шынайы эмоцияларға толы болды. Шағын өлеңдер, әуендер айтылды. Ал «Сағындым Алматымды» әні шырқалғанда зал жанданып, көпшілік қосылып күмбірледі.

Қабылдау комиссиясы