object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-03 00:20:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Бұл туралы айту КЕРЕК

Baitursynuly University студенттері 24 наурыз күні «Лудомания және психоактивті заттарды пайдаланудың алдын алу» атты семинарға қатысты.

Семинарды ҚӨУ-дің бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығы мен Қостанай облысының психикалық денсаулық орталығының мамандары жүргізді.

Студенттерге есірткі заттарының адам ағзасына әсері, синтетикалық есірткілердің ерекше қауіптілігі туралы айтылды. Тіпті спайстарды бір рет қолдану да трагедияға әкелуі мүмкін.

Есірткілердің құрбаны атанған нақты адамдардың тарихы баяндалған бейнероликтер студенттерге үлкен әсер қалдырды.

Семинарда лудомания тақырыбына да ерекше тоқталды. Қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда не істеу керек? Неліктен құмар ойындар қиындықтан құтылудың жолы болып саналмайды? Осы сұрақтардың барлығына қатысушылар жауап алды.

Қабылдау комиссиясы