Рухани құндылықтың маңызы жайлы

ҚӨУ студенттері мешітке барып, тағылымды кездесуге қатысты.

«Аударма ісі (ағылшын тілі)» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері үшін ұйымдастырылған бұл басқосу жастардың рухани танымын кеңейтуді мақсат етті. Мешіт имамымен өткен жүздесу барысында ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтардың маңызы сөз болды.

Имам студенттермен емен-жарқын сөйлесіп, имандылық, ізеттілік және қайырымдылық туралы ғибратты әңгімелер айтты. Әсіресе, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетудің мәніне тоқталып, жастардың дүниетанымын байыта түсті. Студенттер өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, өзара ой бөлісіп, рухани азық алып қайтты.

Қабылдау комиссиясы