Жаңа КОНСТИТУЦИЯНЫҢ маңызы туралы

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ұжымы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған «Жаңа Конституция – орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

30 маусым күні университеттің оқытушылары оқу орнының ректоры Сеитбек Қуанышбаевтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының алаңында өткен ғылыми-практикалық конференцияға онлайн форматта қатысты.

Конференция мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, сарапшылар ортасының, халықаралық ұйымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдерін біріктірді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жаңа Конституцияның саяси және құқықтық реформалардың іргелі негізі ретіндегі рөлін, заң үстемдігін нығайтуды, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы демократиялық институттарды одан әрі дамытуды талқылау болды.

Конференция модераторы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова.

Пленарлық отырыста белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми және халықаралық сарапшылық қауымдастықтың өкілдері баяндама жасады.

Негізгі спикерлер қатарында ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі Ләззат Қалтаева, Техас университетінің құқық профессоры Ричард Альберт, Франция халықаралық қатынастар институтының (IFRI) атқарушы төрағасы Тьерри де Монбриаль, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры Қанат Мусин, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми хатшысы Айгүл Көшербаева, Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев және өзге де жетекші сарапшылар болды.

Өз баяндамаларында қатысушылар конституциялық реформаны іске асырудың өзекті мәселелерін, инклюзивтілік пен теңдік қағидаттарын қамтамасыз етуді, адам құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін нығайтуды, қоғамдық-саяси бірлікті күшейтуді, сондай-ақ мемлекеттің орнықты дамуындағы адами капиталдың рөлін жан-жақты қарастырды.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті ұжымының конференция жұмысына қатысуы кәсіби тәжірибе алмасуға, конституциялық құқықтың заманауи даму үрдістерін талқылауға және академиялық қауымдастық пен мемлекеттік институттар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Университет оқытушылары құқықтық ғылымды дамытуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және Қазақстан Республикасының демократиялық құндылықтарын нығайтуға бағытталған ғылыми және сарапшылық іс-шараларға белсенді түрде қатысып келеді.

Қабылдау комиссиясы