object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 07:48:47.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Диссертацияны қорғау кезіндегі жарияланымдарға қойылатын талаптар қайта қаралды

Білім және ғылым министрлігі диссертацияны қорғау кезіндегі жарияланымдарға қойылатын талаптарды қайта қарады. Докторлық диссертацияны дайындау күрделі, көп еңбекті қажет ететін процесс, ол зерттелетін тақырыпты мұқият зерделеуді және журналдарда тұрақты жариялауды талап етеді.

Осы уақытқа дейін қорғауға шығу үшін докторант 7 мақала жариялауға міндетті болды. Мақалалардың мазмұны бақыланбағандықтан, көбінесе білім алушылар оларды күмәнді журналдарға орналастырған, олардың көпшілігі халықаралық базалардан алынып тасталған. Алайда, мәселенің маңыздылығын түсіне отырып, Министрлік келесі тетікті әзірледі. Енді докторанттарға міндетті түрде 7 жарияланым жасау керек емес, халықаралық журналдарға бірнеше мақала шығарса болғаны.

Бірінші квартильге кіретін журналда бір ғылыми мақала болған жағдайда, басқа жарияланымдар талап етілмейді. Квартиль - дәйексөздің деңгейін, яғни ғылыми қоғамдастықтың журналдың өзектілігін анықтайтын ғылыми журналдардың категориясы.

Бүгінде А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де 64 докторант білім алуда. Бұл шара зерттеулердің сапасына оң әсерін тигізеді, жүктемені азайтады және ғалымдарды жоғары деңгейдегі дәйексөзбен өзіндік ғылыми мақалалар жазуға ынталандырады деп санаймыз.

Қабылдау комиссиясы