object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-28 03:24:47.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі

Новые горизонты сотрудничества

2020 жылдың 21 ақпанында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Smart-орталығында экономика және құқық институтының ұйымдастыруымен құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлерінің, Қостанай облысының заң қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен «Жұмыс берушілердің және кәсіби стандарттардың талаптарына сәйкес тәжірибелік-бағдарлы оқытуды іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Қостанай облысы Әділет департаментінің бастығы А.С.Умаров, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Б.Ескендіров, Қостанай облысы Нотариаттық палатасының басқарма мүшесі Р.А.Савченко, Қостанай облысы бойынша Нотариаттық палатаның атқарушы директоры С.Б.Аймурзина, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, полиция майоры Б.Б.Алпеисов, Қостанай облысы бойынша Соттар әкімшісінің персоналды басқару бөлімінің басшысы Қ.Т.Рахымбай, Қостанай қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Е.Т.Шиктыбаев, сондай-ақ А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Дөңгелек үстел аясында «Құқықтану» мамандығының студенттеріне арналған оқу жұмыс бағдарламаларын бірігіп әзірлеу, түлектерді практикаға бағыттау және жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.

Осындай іс-шараларды өткізу экономика және құқық институтының кадрларды даярлау саласында жұмыс берушілермен тығыз және тиімді өзара іс-қимылына, Қостанай облысының құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарын анықтауға ықпал етеді.

Новые горизонты сотрудничества

Новые горизонты сотрудничества

Қабылдау комиссиясы