object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 21:13:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Профессор Колдыбаевтың жаңа монографиясы

Новая монография профессора Колдыбаева

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Smаrt-орталығында оқу орнының профессоры Сафар Қолдыбаев қоғамдық дәріс оқыды. Іс-шара барысында профессордың «Ұлттық сана және Қазақстанның ұлттық коды» монографиясының тұсауы кесілді.  

Философия ғылымдарының докторы, ҚМУ-нің құрметті профессоры, Қостанай меценаттар клубының жүлдегері Сафар Қолдыбаевтың есімі көпшілікке таныс. Оның 200-ден аса ғылыми мақалалары мен монографиялары студенттер мен оқытушылар үшін оқу құралына айналған. Ол өз еңбектерінде қазіргі Қазақстанның рухани және ұлттық мәселелерін зерттейді және талдайды, осылайша этносаралық және конфессияаралық қатынастарды дамытуға және нығайтуға өлшеусіз үлес қосады.  

Ғалымның жаңа монографиясы «Рухани жанғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазіргі Қазақстанның рухани жаңару мәселелерін зерттейтін алғашқы отандық ғылыми еңбек.  

Профессорды құттықтауға этномәдени бірлестіктер мен Қостанай облысының Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, оқытушылар мен студенттер, мектеп оқушылары келді.

Новая монография профессора Колдыбаева

Новая монография профессора Колдыбаева

Қабылдау комиссиясы