object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 08:21:56.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«РУХТАСТАР» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ НОМИНАНТТАРЫ

Астанада «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы»  жастар қанатының «РУХТАСТАР» жастар сыйлығын марапаттау рәсімі өтті.

«РУХТАСТАР» жобасы белсенді қызмет жүргізетін және елдің дамуына үлес қосатын жастар арасынан үздікті анықтайды.

Бүгінгі таңда «Жастар Рухы» - бұл ортақ мүдделермен біріккен және ірі әлеуметтік, экологиялық, патриоттық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен қайырымдылық бастамаларын жүзеге асыратын 100 мыңнан астам жастарды біріктіретін ұйым болып табылады.

Биылғы жылы сыйлық 8 номинация бойынша екінші рет беріледі:

  1. Еңбек адамы «Ыстық қайрат»;
  2. «Жыл жүрегі» Жыл еріктісі;
  3. Үздік жас ғалым «Нұрлы ақыл»;
  4. «Қайсар» жыл батыры;
  5. Жылдың әлеуметтік жобасы;
  6. «Белсенді рухтас» Жыл белсендісі;
  7. «Жастар Рухы» ЖҚ үздік бөлімшесі;
  8. «Жастар Рухы» ЖҚ үздік филиалы

Байқауға жіберілген жүздеген өтінімдердің ішінен Қостанай облысының 30 өкілі ғана іріктеу кезеңіне өтті. Номинанттар арасында А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің өкілдері бар екенін атап өткен жөн.

2023 жылғы «Үздік жас ғалым» номинациясында PhD докторы, ғылым және коммерцияландыру басқармасы бастығының орынбасары м.а. Индира Айтжанова марапатталды.

Ал «Жыл белсендісі» номинациясы бойынша сыйлыққа А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің «Педагогика және психология» БББ 2 курс студенті Анель Мусралинова ие болды.

Біз жеңімпаздарды осындай жетістіктерімен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!

Қабылдау комиссиясы