ҚӨУ-нің инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығы әлеуметтік серіктестігін кеңейтуде.
Тұрақты даму мақсаттары контекстіндегі орталық қызметінің негізгі аспектілері туралы ақпарат облыстық Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» қорытынды форумында ұсынылды.
Жиынға облыстық және аймақтық Аналар кеңесінің төрағалары мен мүшелері қатысты.
Қазақстан Аналар кеңесі – Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты, қоғамдық келісімді нығайту мақсатында құрылған мемлекеттік орган.
Облыстық аналар кеңесінің төрайымы – ҚӨУ-нің психология кафедрасының профессоры Лилия Саркисян, кеңес құрамына Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының жетекшісі Татьяна Зуева кіреді.
Қоғамдық құрылымдармен әлеуметтік серіктестік – инклюзивтілікті ілгерілетудің маңызды құрамдас бөлігі.
Аналар кеңесі – аймақтық бөлімшелер желісімен инклюзивті сананы арттыру және Орталықтың мақсаттарына қол жеткізу үшін маңызды ресурс болып саналады, сонымен қатар университеттің аймақтағы адам әлеуетін дамытуға ықпал етуіне септігін тигізеді.

