Үздіксіз білім беру институты 2023-2024 оқу жылының студенттік қысқы демалыс кезеңінде университет қызметкерлері үшін бірқатар семинарлар ұйымдастырды.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы практикалық психология орталығының меңгерушісі Роза Жанғалиева өткізген «Эмоционалды өшіп қалудың алдын алу және ЖОО оқытушыларының психикалық денсаулығын қолдау» тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинар интерактивті форматта өтті: оқытушылар психологиялық тренингке және эмоция тұрғысынан өшіп қалу бойынша топтық пікірталастарға қызыға қатысты, эмоционалдық өшіп қалудың алдын алу бойынша ұсыныстарды әзірлеуге көмектескен метафоралық ассоциациялық карталардың көмегімен ресурстар алды.
Университеттің эдвайзерлері мен профессор-оқытушылар құрамы үшін «Platonus» базасымен жұмыс практикалық семинары ұйымдастырылды. Оны «Platonus» үшін жауапты Балғын Мақанова өткізді. Тыңдаушылар мәліметтер базасымен жұмысты, деректер форматын, құжаттарды жүктеуді, деректерді толтыруды, білім алушылардың жетістіктерін есепке алуды, білім беру процесін талдауды жан-жақты қарастырды.
Ал деканат қызметкерлері, кафедра меңгерушілері және басқа да қызметкерлер үшін «Университеттің профессор-оқытушылар құрамына қойылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы НҚА талаптары» семинары ұйымдастырылды, онда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік құжаттар, олардың өзгерістері және университетте қолдану тәртібі егжей-тегжейлі қаралды. Спикер ретінде университеттің академиялық қызмет жөніндегі басқармасының бастығы Эльмира Наурызбаева сөз сөйледі.
Барлық семинарлар факультеттер орналасқан ғимараттарда өткізілді. Университет штаты барлық семинарларға белсенді қатысып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде жұмыс істеу үшін пайдалы ақпарат, қажетті білім алды.