object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-20 18:31:14.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Студенттер ғана емес, ОФИЦЕРЛЕР!

Бүгін Baitursynuly University әскери кафедрасының 145 түлегі үшін ерекше күн!
Запастағы офицер бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған қыз-жігіттер салтанатты түрде Отанына адал болуға ант қабылдады.

Олар бұл ұмытылмас сәтті оқытушылармен, жақындарымен және туыстарымен бөлісті.
Студенттерімізді құттықтауға Қостанай гарнизоны әскери прокуратурасының өкілдері де келді. Естеріңізге сала кетейік, ҚӨУ мен әскери прокуратура арасында меморандумға қол қойылған.

Түлектер атап өткендей, ант қабылдау – ел алдында ғана емес, өздері үшін де үлкен жауапкершілік.

Студенттер мынадай мамандықтарда оқыды:

Ішінде 21 қыз бар барлығы 145 түлек оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырды.

Ақ жол! Офицер атағын абыроймен алып жүріңіздер, алған білімдеріңіз барлық армандарыңызды жүзеге асыруға көмектессін!

Естеріңізге сала кетейік, Baitursynuly University аймақтағы запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлайтын жалғыз әскери кафедрасы бар оқу орны.

Біздің кафедрамыз арасында белгілі спортшылар бар түлектерді мақтан тұтады:

Қабылдау комиссиясы