object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 07:39:51.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Үндістандық қонақ

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-не Үндістанның Қазақстандағы Елшісінің бірінші хатшысы, Үндістан Елшілігінің «Свами Вивекананда» мәдени орталығының директоры Санджай Веди мырза келді. Кездесу халықаралық ынтымақтастық аясында және Үндістан Елшісінің келесі айдағы Қазақстан Республикасына сапары қарсаңында өтті.

Бүгін Санджай Веди университет басшылығымен, кафедра меңгерушілерімен, ағылшын тілі кафедрасының оқытушыларымен және «Шетел тілі: екі шет тілі» және «Шетел филологиясы» мамандықтарының студенттерімен кездесті, онда А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ және Үндістанның ҚР-ғы Елшілігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді дайындау мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, қостанайлық тарап ынтымақтастық туралы келісімде А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы және ғалымдардың, докторанттар мен магистранттардың стипендиялық бағдарламалар шеңберінде тағылымдамадан өту орындары көрсетіледі деп үміттенеді. Келісім аясында қос дипломды білім беру бағдарламасы да жүзеге асырылады деген болжам бар. Біздің университет те Үндістандық студенттерді А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-не оқуға қабылдауға дайын. Сонымен қатар ынтымақтастық барысында бірлескен ғылыми жобаларды жүргізу, ғылыми басылымдарды дайындау және екі тараптың халықаралық жобаларға қатысуы жоспарлануда.

Санджай Веди қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтында да болып, ғылыми-зерттеу институтының жұмысымен және оның ғылыми жетістіктерімен танысты.

Қабылдау комиссиясы