object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-21 02:12:51.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Медиа әлеміндегі бағыттаушы

Baitursynuly University журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы мектептермен ынтымақтастық байланысын нығайтуды жалғастыруда. Жуырда профессор Ольга КУНГУРОВА Федоров ауданы, Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп базасындағы медиасауаттылық бойынша облыстық құзыреттер орталығының салтанатты ашылуына қатысты.

Бұл оқиға өңірдегі медиа білімді дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Болашақта Baitursynuly University журналистика кафедрасының қолдауымен жұмыс істейтін Құзырет орталығында оқушылар мен мұғалімдер кәсіби мамандардан білім алып, тәжірибе алмасып, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана алады.

Ашылу салтанатынан кейін қонақтар Абай атындағы мектептің журналистика саласындағы тәжірибесімен танысты. Мұғалімдер шеберлік сабақтарын өткізіп, өздерінің әдістемелері мен жинақтаған тәжірибелерін көрсетті.

Қабылдау комиссиясы