object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 21:58:40.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҒЫЛЫМДАҒЫ КӨМЕКШІ

Baitursynuly University профессоры оқушылар командасына республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңіске жетуге көмектесті.

Таразда жалпы білім беретін пәндер бойынша конкурстың қорытынды кезеңі 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтті. Қостанай облысының оқушылары 33 ғылыми жоба ұсынды. Нәтижесінде өңірімізге алтын, күміс және қола әкелді.

Бірінші орын – «Озат» мамандандырылған мектебінің оқушылары. Түлектер Айжан Аманжолова мен Рабиға Ақалтаевалар. Олар «виртуалды археологиялық мұражай» жобасын ұсынды.
Мұғалімдер мектеп оқушыларына осы бірегей жұмысты дайындауға көмектесті.

Жоба жетекшісі – тарих магистрі, тарих пәнінің оқытушысы Нұрымжан Қайырғали Қайратұлы.
Жобаның ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Baitursynuly University профессоры Айбек Батырханұлы Шалғымбеков.

Айта кету керек, профессор А.Байтұрсынұлы атындағы өңрілік университетінде Қазақстан тарихы кафедрасында сабақ береді. Білім ордасында оқушылармен жұмыс істеуге көп көңіл бөлінген. Оның ішінде ғылыми бағыт бойынша.

«Озат» мектебінің оқушыларын жеңісімен құттықтаймыз!

Қабылдау комиссиясы