Baitursynuly University студенттері Алтынай Тлеуленова мен Інжу Мақсұтова Астанада өткен «Түркі халықтарының ең үздік студенті» халықаралық форумынан жүлделі орындарды алып қайтты!
Іс-шараны Bilim orkenieti Ұлттық инновациялық-зерттеу орталығы ұйымдастырып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен жүзеге асты.
Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түркиядан студенттер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.
ҚӨУ экономика және құқық факультетінің 3 курс студенті Алтынай Тлеуленова «Түркі халықтарының ең үздік студенті» төсбелгісін және I дәрежелі дипломды иеленді. 2-курс студенті Інжу Мақсұтова «Қазақстанның ең үздік студенті» дипломымен марапатталды.
Сонымен қатар, қылмыстық және азаматтық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы Айнур МАЙСАТАЕВА да марапатталды. Оған алғыс хат табысталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!