Тіл саясатын дамытуға ерекше үлес қосқаны және тілдерді дамыту саласын жетілдіруге белсенді атсалысқаны үшін журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ақылбек Шаяхмет «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері атанды.
Қазақ тілінің мәртебесін көтеруде шығармашылық белсенділік танытқаны, гуманитарлық салада ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ғалымдары Дмитрий Легкий мен Айдар Айтмұхамбетов, сондай-ақ Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Айбек Шалғымбеков марапатталды.
ҚР ғылым және жоғары білім министрінің алғыс хаттары «Сұңқар» спорт клубының технигі Ұлжан Мұсабаева және ҚӨУ педагогикалық институтының тілдер және әдебиет теориясы кафедрасының профессор ассистенті Кенжегүл Сегізбаеваға табысталды.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Жетістіктеріңізбен мақтанамыз!












