ПРЕЗИДЕНТ қолынан марапат алды

Baitursynuly University профессоры мемлекеттік наградамен марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен заң ғылымдарының кандидаты, экономика және құқық факультетінің мемлекет және құқық теориясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті) Сымбат Укин марапатталды.

Марапаттау рәсімі елордада, «Ақорда» резиденциясында өтті.

Сымбат Кенжебекұлына марапатты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзі табыстады.

Медаль экономикада, әлеуметтік салада, ғылымда, мәдениетте және мемлекеттік қызметте жеткен елеулі жетістіктері үшін беріледі.

Университет профессоры Қазақстан Республикасының конституциялық құқық ғылымының дамуына зор үлес қосып, конституциялық заңнаманың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми еңбектердің авторы.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Мақтан тұтамыз!

Қабылдау комиссиясы