object(DateTime)#1057 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-11-01 03:58:08.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ұлттық диктант – ана тілге құрмет белгісі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 5 қыркүйекте ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келген Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі аясында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Ұлттық диктант» жобасын бастады.⠀

«Ұлттық диктант» – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың сауаттылығын жетілдіруге, ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпыұлттық мәдени-ағартушылық жоба.

Осы аптада 28-31 қазан аралығында ҚӨУ-де әртүрлі білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері арасында ұлттық диктант өткізілді. Іс-шараны филология және практикалық лингвистика кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – мемлекеттік тілді дамыту, жастардың жазу сауаттылығын жетілдіру және ана тіліне деген құрметті арттыру.

Айта кететін болсақ, студенттер белсенділік танытып, тиянақты дайындықпен келді. Өздерінің сауаттылығын дәлелдеп қана қоймай, туған тілге деген риясыз құрметін де білдірді.

Қабылдау комиссиясы