Рудный қаласының тумасы, табысты кәсіпкер, публицист, саясаттанушы және өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетілгендей, «өзгерістердің сәулетшісі және көшбасшысы» студенттермен әлемдік білім беру жүйесіндегі соңғы тенденциялар мен өзінің жеке тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл жай ғана лекция емес, креативті диалог болды. «Кімнің жақсы көретін мұғалімі бар?» – деп тосыннан сұрады Данат Есболұлы. Содан кейін бірден нақтылады: «Оны қандай қасиеттері үшін ең үздік деп санайсыз?»
Сөйлесу барысында жастар ортақ ойға келді: ең бастысы – құрмет. Мұғалім оқушыны құрметтеп, сенім артса – ол ең керемет ұстаз.
Білім беру жүйесі де дәл осы қағидаға негізделуі тиіс – балаларға өзіне деген сенімділікті ұялату, жетістік жолын табуға көмектесу, креативті әрі сыни ойлауды дамыту.
Жүйе әлі мінсіз болмағанымен, мұғалім бәрінен бұрын өзінен бастауы керек – оқушыға деген жеке қарым-қатынас пен әр өткізілген сабақтан.
– Егер шығармашылық көзқараспен қарасаңыз, мұғалім - өте керемет мамандық – деп қорытындылады спикер.
Визиттің алғашқы күні ҚӨУ-дің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесуден аяқталды.
Онда еркін пікір алмасу форматында ұстаздар білім беру жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі, университет пен оқыту тәсілдерінің қалай өзгеру керектігі жайлы пікір алмасты.