object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 12:33:02.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҮЛКЕН ЖОЛДЫҢ БАСТАЛУЫ

А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университеті мен Оңтүстік Корея университеті Dong-Eui арасында машина жасау саласында кадрлар даярлау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжаттарға ректор Сейтбек Қуанышбаев пен университет президенті доктор Хан Су Уон (Dr. SooWhan Han)қол қойды.

Dong – Eui-Оңтүстік Кореядағы ең көне жеке университеттердің бірі, ол әлемге әйгілі «Hyundai» автомобиль корпорациясымен тығыз жұмыс істейді, сондықтан жоғары оқу орны түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша өңірлік көшбасшы болып табылады. Кадрлар даярлау мәселесінде қазақстандық әріптестерімен бөлісетіндері көп.

-Біз Хюндай зауытына кадрлар даярлауда мол тәжірибесі бар Оңтүстік Кореяның Dong–Eui (Тонг-Ый) университетімен ынтымақтастыққа өте қуаныштымыз. Біздің университет, өздеріңіз білетіндей, Қазақстанның машина жасау саласы, оның ішінде облыс аумағындағы зауыттар үшін кадрлар даярлау жөніндегі базалық ЖОО болып табылады. Хан Су Уон мырзаға алғысымды білдіргім келеді және біздің ынтымақтастығымыз жемісті болады, ал бірлескен зерттеу жобаларымыз өндіріске енгізіледі деп үміттенемін, - деді ректор Сейтбек Қуанышбаев.

А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ халықаралық ынтымақтастыққа үлкен көңіл бөледі. ЖОО шетелдік жоғары оқу орындарымен байланысты кеңейтеді. 2021-2023 жылдар аралығында университет 125 халықаралық шартқа қол қойды, оның ішінде Қытай, АҚШ, Болгария, Литва, Польша сияқты алыс шет елдердің жоғары оқу орындары бар. Университетте «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда және 7 білім беру бағдарламасы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы жұмыс істейді. Жақын арада Dong –Eui университетімен «Машина жасау» бағыты бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы әзірленетін болады.

Келісім шеңберінде академиялық бағдарламалар мен кәсіптік білім беруде әріптестік қатынастарды дамыту, оқытушылар мен студенттермен алмасу, бірлескен зерттеу және кәсіптік қызмет, семинарлар мен академиялық кездесулерге қатысу және т. б. жоспарлануда.

Ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп Хан Су Уон мырза былай деді:

- Корей даналығы ұзақ жол кішкентай қадамдардан басталады дейді. Меморандумға қол қою үлкен жолдың басы деп үміттенемін.

Қабылдау комиссиясы