Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы дәстүр бойынша қыркүйек айында, дәл оқу жылының басында жарияланып отыр. Барлығымыз үшін жаңа оқу жылы басталады. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары – бұл мемлекеттің, бүкіл қоғамның дамуының стратегиялық бағыты, басты мессенджері. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуының негізгі бағыттары мен қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерді айқындады. Мен Жолдауда айтылған маңызды тапсырмаларға назар аударғым келеді. Біріншіден, өңірлердің қаржылық дербестігін арттыру. Бұл жаңа перспективалар мен мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз. Және 2022 жылғы қаңтардан бастап жалақының ең төменгі деңгейі 42500-ден 60 мың теңгеге дейін артпақ. Барлық тапсырмалар әлеуметтік бағдарланған сипатқа ие, олардың мақсаты азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.
Білім беру жүйесінде жұмыс істей отырып, барлық білім беру жүйесінің іргетасы ретінде педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру жөнінде айтылған тапсырма өте маңызды деп санаймын. Бұл жұмыс жүйелі негізде жүргізіліп жатқанына бәріміз де куәміз. 2019 жылы "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданды, білім беру жүйесі қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға артты, ал 2021 жылғы қыркүйектен бастап университеттердің ОПҚ-ның жалақысы қайта қаралатын болады. Бұл қуантарлық жәйт.
Сонымен қатар, ғылым – экономика саласында да, саясат пен әлеуметтік салада да прогрестің қозғаушы күші. Осыған байланысты жоғары оқу орны ғылымға байланысты жаңа міндеттер айқындалды. Сондықтан әлемдік үрдістерге сәйкес А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірілік университетінің ғылыми және халықаралық қызметі «Зерттеулер мен инновациялар» бір стратегиялық бағытқа біріктірілді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі экономикаға назар аударды. Үкіметке елді дамытудың 2025 жылға дейінгі Жол картасын әзірлеуді тапсырды. Жолдау Үкімет, Парламентшілер және жалпы қоғам үшін Қазақстанның алдағы кезеңге арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын бағдарға айналатынына сенімдімін.
А.ДОЩАНОВА, Облыстық мәслихаттың депутаты, "Nur Otan" партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің басқарма төрайымы – ректорының м. а.