ҚӨУ-де Армения Республикасының профильдік ұйымдарының өкілдерімен онлайн-кездесу өтті.
Кездесу танысу, тараптардың қызметі мен ынтымақтастық перспективаларын талқылауға бағытталды.
Біздің университеттің атынан кездесуге ҚӨУ-нің Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының меңгерушісі Татьяна Зуева, Құзыреттілік және мансаптық өсу офисінің бастығы Тұрар Елібаев, педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасының меңгерушісі Роза Калимжанова және психология кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Сатқангулова қатысты.
Сондай-ақ Ақмола облысының Балаларға психологиялық қолдау көрсету орталығының (Көкшетау қ.) және Көкшетау және Семей қалаларындағы жоғары оқу орындарының психология және педагогика кафедраларының өкілдері де пікір алмасты.
Армения Республикасының атынан тиісті білім беру, ғылыми және кәсіптік ұйымдардың мамандары қатысты.
Ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын INTOFF Armenia (Ереван) қоғамдық білім беру және мәдениет ұйымы қамтамасыз етті.
Кездесу барысында бірлескен дөңгелек үстелдер, білім беру және ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды, психология және инклюзивті білім беру салаларындағы халықаралық серіктестікті дамыту сияқты ынтымақтастықтың бірнеше бағыттары белгіленді.


