object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-22 21:14:31.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚМУ-да COVID-19 бойынша диагностика жүргізілетін болады

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры А.Дощанова Қостанай облысының бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен брифинг өткізді. Брифинг барысында қашықтықтан оқыту режимінде оқу процесі қалай ұйымдастырылғандығы, алдағы сессия қалай өткізілетіндігі және әлеуметтік қолдау шаралары туралы сөз болды. Бірақ журналистерді көбірек қызықтырған – ҚМУ-да COVID-19 бойынша диагностика жүргізілетіндігі.

Жақында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтында болды, оның негізінде Қостанай мемлекеттік университетінің ғалымдары COVID-19 бойынша диагностика жүргізетін болады. Университет ғалымдары жүргізген молекулалық-генетикалық, иммунобиологиялық және микробиологиялық зерттеулер өз нәтижелерін беруде. Бүгінгі таңда институт негізінде жаңа полимерлі тізбекті реакцияны қолдана отырып зерттеулерді ұйымдастыру жұмыстары басталды. Дәл осы әдіс бізге COVID-19 диагнозын қоюға мүмкіндік береді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қостанай облысы зертханаларының мүмкіндіктерін зерттей келе ҚМУ-нің қолданбалы биотехнология ғылыми-зерттеу институтының молекулярлық-генетикалық зерттеу зертханасы  барлық талаптарға сай және ауысымдық негізде өткізілетін COVID-19 сынақтарының санын екі есеге арттыра алатынын көсетті.

2015 жылы индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес заманауи жабдықтармен жабдықталған зертхананың аппараттық жағынан да, мамандары жағынан да теңдесі жоқ. Зертханада жүргізілген жоғары сұранысқа ие нәтижелі зерттеулердің арқасында университетте докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес ашылды.

Қостанай облысы әкімдігімен келісе отырып, зертхана жедел түрде мамандандырылған жеке қорғаныс құралдарын алады: екі қабатты костюм, маскалар, респираторлар, көзілдіріктер, қолғаптар, қалпақшалар. Жұмысқа кіріспес бұрын әр қызметкердің дене температурасы өлшенеді. Вирусқа диагностика жетекші өндірушілердің (BGI тобы) тестілеу жүйелері, жабдық пен бағдарламалық жасақтама әлеуетін және зертхана қызметкерлерінің ерекше біліктілігін қолдана отырып жасалады.

Қабылдау комиссиясы