object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 02:05:58.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«Біз әртүрліміз. Біз теңбіз. Біз біргеміз»

Baitursynuly University-де «Инклюзивті мәдениеттен инклюзивті қоғамға дейін» V ақпараттандыру онкүндігінің қорытындысы бойынша» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Психология кафедрасы мен Психология және инклюзивті білім беру орталығы ұйымдастырды.

Онкүндіктің ұраны – «Біз әртүрліміз. Біз теңбіз. Біз біргеміз». Атқарылған жұмыстардың қорытындыларын мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес құрылымдарының өкілдері талқылады.

- Соңғы бес жыл бойы онкүндік өткізудің мақсаты өзгеріссіз болып келеді. Ол – инклюзивті мәдениетті қалыптастыру және қоғамның мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты толерантты, кемсітусіз қарым-қатынасын насихаттаудан тұрады, – деді психология кафедрасының профессоры, «Мүмкіндігі шектеулі студенттерге арналған қолжетімді білім» ҚҰ жетекшісі Лилия САРКИСЯН. – Біздің бастамамыздың осыншама уақыт бойы жалғасып келе жатқанына қуаныштымыз. Жыл сайын бұл іс-шараға мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелеріне бейжай қарамайтын қатысушылардың қатары артып келеді.

Дөңгелек үстел қатысушылары инклюзивті мәдениетті және кедергісіз қоғамды қалыптастыру жағдайларын талқылап, болашаққа арналған ұсыныстарын енгізді.

Қабылдау комиссиясы