А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқытушыларының биылғы жылы жеткен жетістіктері жетерлік. Мәселен Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушысы Гүлжанат Жүрсіналина Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдері» республикалық байқаудың жеңімпаздары қатарында. Ол екінші дәрежелі дипломға ие болды. Байқау қорытындысының нәтижесі бойынша жүлдегерлердің жұмыстары арнайы жинаққа енетін болады. Жинақтың таныстырылым рәсімі тамыз-қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
Тағы бір жүлдегеріміз – Тарих және философия кафедрасының оқытушысы Жангелді Шәукенов. Ол «Қазақстанның үздік тарихшысы – 2020» байқауының жеңімпазы атанды, бірінші дәрежелі дипломмен және білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Байқау Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында насихаттау мақсатында, сондай-ақ «Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту» жобасы аясында өтті.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алатын асуларыңыз көп болсын!