Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысына ие болған Қостанай мемлекеттік университетінің 30 студентінің есімі белгілі болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысы – студенттердің оқу және әлеуметтік жетістіктерінің маңызды көрсеткіші. Бұл студенттердің университеттің дамуына қосқан үлесі үшін берілетін басты мадақтардың бірі десек те болады.
Президенттік стипендия университеттің күндізгі бөлім студенттеріне 3-курстан бастап және екінші курстан бастап магистранттарға айрықша еңбегі үшін беріледі және студенттерді ғылыми қызметке баулуға, ең дарынды студенттер мен магистранттарды қолдауға, сонымен қатар зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған. Оқудың жақсы нәтижелері, республикалық және халықаралық жарыстардағы жеңістер, ғылыми-зерттеу жұмыстары, әлеуметтік, мәдени және спорт жетістіктері арқасында студенттер мемлекет тарапынан қомақты қаржылық қолдау ала алады. Бүгінде бұл сома айына 41 898 теңгені құрайды.
Жыл сайын шәкіртақы иегерлерінің саны артып келеді. Бұл студенттердің табысқа жетуге ұмтылатындығын білдіреді. Биыл біздің университетіміздің ең үздік 30 студенті осы марапатқа ие болды. Олардың арасында еркін күрестен халықаралық жарыстардың жеңімпазы Арман Бисембаев, «Аймақтың үздік еріктісі» сыйлығының лауреаты Виктория Гаан, пәндік олимпиадалардың жеңімпазы Карина Аймұхамбетова, «Серпін» бағдарламасының қатысушысы Нұрхан Жолгелдиев және басқалар бар.
Барлық стипендиаттарды құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!