Теңдік, әртүрлілік және инклюзия (EDI) саясатын іске асыру университет қауымдастығының барлық мүшелеріне әділ қарым-қатынас пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді көздейді. Бұл бастама Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның 4, 5, 8, 10 және 16-шы Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясындағы міндеттемелерін орындаумен тікелей байланысты.
Мониторинг жұмыстарына қазіргі таңда аталған Орталық базасында кәсіптік практикадан өтіп жатқан болашақ психолог-студенттер де тартылды. Бұл олардың алдағы кәсіби қызметі үшін оң тәжірибе болмақ. Өйткені, инклюзия – тек әдіснамалық тәсіл ғана емес, сонымен қатар көптеген салаларда кеңінен қолданылатын заманауи ойлау жүйесі мен өзекті тренд.
Зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленетін болады.









