Қазақстандық француз тілі мұғалімдері қауымдастығы Еуропа тілдері күнін мерекелейтін Mon projet personnel байқауын өткізді. Іс-шараға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері де қатысты.
Студенттер су ресурстарын экологиялық тұтыну тақырыбында өздерінің көзқарастарымен бөлісті. Жобалар Бельгия елшілігінің өкілдеріне, француз тілі мұғалімдері мен студенттер назарына ұсынылды. L'eau - source de vie (Су-тіршілік көзі) - өте өзекті тақырып. «Шетел филологиясы» мамандығының 4-курс студенті Дарья Бабинцева тамақты (ет, сүт) артық тұтыну мен суды тұтынудың байланысы жайында өз ойын білдірді. Дарья жүлделі орынды иеленбеді. Бірақ ол үшін конкурс француз тілінде сөйлеудің қызықты тәжірибесі, аталмыш мәселе бойынша өз ойын білдірудің мүмкіндігі болды. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.Біздің университеттің студенттері француз тілін екінші шет тілі ретінде оқығанына қарамастан, басқа студенттермен тең дәрежеде презентация жасап, тілді өте жақсы білетіндіктерін көрсетті.