object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 21:29:42.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жас. Талапты. Өзіміздікі!

Baitursynuly University азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология кафедрасының аға оқытушысы Индира АЙТЖАНОВА «Патриоттар форумында» марапатқа ие болды!  

Шарада Қазақстанның гүлденуіне үлес қосқан үздік ғалымдар, дәрігерлер, спортшылар, кәсіпкерлер мен еріктілерге құрмет көрсетілді.  

Индира Нұрланқызы Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалидың қолынан статуэт пен грамота алды.  

Индира Айтжанова – болашағынан үміт күттіретін жас ғалым. ҚӨУ-де 10 жылдан астам жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында PhD докторы, ғылым және коммерцияландыру бөлімі басшысының орынбасары, аға оқытушы, оқулықтар мен ғылыми зерттеулердің авторы болды.  

Біз ұстаздарымызды мақтан тұтамыз және алдағы уақытта да жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Қабылдау комиссиясы