Қазақстан аумағы бойынша 500 км қашықтыққа созылған ауқымды ат спорты марафоны өтті.
Бұл марафон Мыржақып Дулатовтың 140 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, қазақ аттарының күш-қуаты мен төзімділігін көрсетуді, ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылықты жаңғыртуды және адамдарды патриоттық идея төңірегінде біріктіруді мақсат еткен.
Марафон қатысушыларының арасында ҚӨУ-дің Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің ветеринарлық медицина кафедрасының ассистент-профессоры Айгүл Жабықпаева да болды. Педагог аттардың денсаулығын қадағалайтын мамандар тобымен бірге жұмыс істеді.
«Біздің жұмысымыз – аттардың жағдайын күнделікті бақылап, пульсін, тынысын, төзімділігін тексеру және қажет болғанда көмек көрсету. Ветеринарлардың рұқсатынсыз ешбір ат маршрутқа қатыспайды», – дейді Айгүл Ғабызханқызы.
Ол бұл марафонға қатысуды өзінің жеке міндеті деп есептейтінін жеткізді.
Марафон нәтижесінде Қостанай облысының 1-ші командасы 3-ші орынға ие болды!
«Ұлы Дала Жорығы» спортты, мәдениетті және ғылымды біріктірген тарихи оқиға ретінде есте қалды.
ҚӨУ өкілі оқиғаның бір бөлігі болғанына мақтан тұтамыз!