object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 00:03:39.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ахмет Байтұрсыновтың рухани мұрасы

ҚМУ-дегі ғылым апталығы бүгін де жалғасын тапты. Іргелі зерттеулер институты мен Экономика және құқық институты ұйымдастырған «Ахметтану: пәнаралық зерттеулердің келешегі» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өтті. Ақмарал Ералинаның, Серікжан Исмаиловтың, Амангелді Шөрентаевтың «Ахметтану» пәнінің бастауында кім тұрғаны туралы әңгімелер ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен жас ғалымдар үшін қызықты әрі танымды болды.

Ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың есімін зерттеуге және оның ғылыми зерттеулерін танып-білуге қостанайлық журналист және жазушы Байтұрсын Ілияс үлкен үлес қосты,-деді журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Амангелді Шөрентаев өз сөзінде.

«Ахметтану» пәнінің алғашқы оқытушы - Байтұрсын Ілияс. Ол 1998 жылы Жангелді ауданына, Ахмет Байтұрсыновтың туған жеріне экспедицияны бастап барып, халық жанашырының туған-туыстарымен кездесті, тарихи деректер жинақтады. ҚМУ-дегі Ахаң атындағы мұражайдағы көптеген жәдігерлер осы жолы әкелінген болатын. Бұл экспедицияның нәтижесі – Ахмет Байтұрсыновтың 125 жылдығына арналған «Алтын бесік» кітабы, авторы – Б. Ильяс.

20 жылдан кейін, 2019 жылы біздің университеттің бір топ ғалымдары Ахмет Байтұрсыновтың Орынбордаға шығармашылығы мен өміріндегі сол кезеңді зерттеуді жалғастыру мақсатында экспедицияға аттанған болатын. Нәтижесінде көрнекті жерлесіміздің тарих, тіл білімі, журналистика, экономика және құқық саласындағы іргелі ойлары ғылыми мақалаларда жарық көрді.

Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар Қостанай облысында Ахмет Байтұрсыновтың есімін мәңгі қалдыруға үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері жайында, 2006 жылғы «Ақ жол» экспедициясының ерекше нәтижелері туралы айтты.

Университеттің ғалымдары мен оқытушылары көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі түркітанушы, лингвист ғалым Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына арналған республикалық іс-шаралар жоспарына ұсыныс ретінде «Ахмет Байтұрсыновтың рухани мұрасы» атты әлеуметтік маңызы бар жоба әзірледі.

Қабылдау комиссиясы