object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 08:36:48.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАҒА ҚАТЫСТЫ

Назарбаев университетінде Дүниежүзілік банк, ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі және ХАМК университетінің (Финляндия) қатысуымен «Мұғалімдердің білім беру әлеуетін күшейту» халықаралық жобасы аясында қорытынды семинар өтті.

Бұл жобаға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ұжымы да өз үлесін қосты. Атап айтар болсақ, мектеп жасына дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Елена Ли мектепке дейінгі және бастауыш білім берудегі ББ-ның педагогикалық әзірлеушісі, сонымен бірге университет командасының институтционалдық жобасының жетекшісі ретінде қатысты. Ал университет ұжымының мүшелері, педагогика ғылымдарының кандидаты, арнайы білім беру кафедрасының меңгерушісі Людмила Лиходедова мен жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы Жанара Сүйіндікова арнайы білім беру және биология пәндері бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге атсалысты.

Қабылдау комиссиясы