Бүгін «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде» педагогикалық бағыттағы 17 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық мамандандырылған (бағдарламалық) аккредитация басталды.
Baitursynuly University-де аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) білім сапасын бағалауды халықаралық аккредитация стандарттарына сәйкес жүргізуде.
Қазақстандық және шетелдік сарапшылардың тарапынан университет қызметінің барлық тұстары түгелімен қарастырылады. Бағдарламада сұхбаттар, сауалнамалар, білім беру ортасын зерттеу және тәжірибе базаларына бару жоспарланған.
Сыртқы сараптама комиссиясының құрамында қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері бар.
IAAR сыртқы сараптама комиссиясының төрағасы - Табишев Тимур Арсенович, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ФМБ ЖББМ «Х.М. Бербеков атындағы Кабардино-Балкария мемлекеттік университеті» (Нальчик қ., Кабардино-Балкария Республикасы).