object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 20:54:17.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Мен және менің отбасым» конкурсының нәтижесі

Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында Қостанай мемлекеттік университеті «Мен және менің отбасым» отбасылық фотосуреттер мен бейне-роликтер байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты – шығармашылық даралықты ашу, әлеуметтік белсенділікті насихаттау, отбасылық құндылықтарды нығайту, балаларды шығармашылыққа тарту.

Конкурсқа оқу орнының студенттері мен оқытушылары қатысты.

Байқауға цифрлы немесе аналогтық жабдықта (смартфонда) жасалған жұмыстар қабылданды. Барлығы 14 жұмыс бәйгеге түсті. 

Байқауға ұсынылған жұмыстарды қазылар алқасы әділ бағалап, номинациялар бойынша жүлделі орындарды белгіледі:

«Креативті отбасылық фото»  номинациясы бойынша жүлделі орындар:

  1. Анар Өтемісова – математика кафедрасының меңгерушісі;
  2. Амангелді Шөрентаев – журналистика және коммуникациалық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы;
  3. Жанна Капсұлтанова – Іргелі зерттеулер институтының маманы.

 

«TIK-TOK/ LIKEE платформасындағы отбасылық видеоролик» номинациясы бойынша:

  1. Нұргүл Әубакірова – психология және педагогика кафедрасының оқытушысы;
  2. Орынбай Әлиев – жастар ісі жөніндегі комитеттің меңгерушісі;
  3. Шынар Оразова – магистрант.

 

«Лирика» номинациясы:

  1. Роза Джамбуршина – экономика және құқық институтының әдіскері;  
  2. Жангелді Шәукенов – тарих және философия кафедрасының аға оқытушысы;
  3. Сәуле Бірімжанова – докторант.

 

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Басқа да  қатысушыларға сертификаттар мен жұбаныш сыйлықтары берілді.

Қабылдау комиссиясы