object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 21:33:55.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Меморандумға қол қою

Бүгін индустриялық аймақ аумағында білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленов А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті мен "Камаз" ЖАҚ әріптестігін қолдау туралы Меморандумға қол қойды.

Енді біздің университет Қостанай облысының индустриялық аймағы мен машина жасау саласы үшін мамандар даярлау базасы болып табылатынын мақтанышпен мәлімдейміз.

Қостанай облысының аумағында зауыт құрылысына тас қалау салтанатты рәсімі аясында университет "Камаз"жақ серіктесі болды. Құру идеясы 2019 жылдың тамыз айында пайда болды, себебі біздің өңірдің индустриялық аймағында Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған "Export for Development" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Технологиялық даму және цифрландыру бөлігінде индустриялық аймақ құрылды.

Осыдан жұмысшы мамандығынан бастап PhD докторларына дейін әртүрлі деңгейдегі кадрларды мақсатты даярлау қажеттілігі туындады, бұл ретте елдің машина жасау саласының серпілісін қамтамасыз ететін ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялық өндірісті құру жоспарланған болатын.

Ол үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Индустрия және Индустриялық даму министрлігінің қолдауымен инжинирингтік орталық құрылысының жобасы әзірленді.

Егер бұрын Қостанай облысы аграрлық болса, қазір біздің аумағымыз аграрлы-өнеркәсіптік.

Біздің университет өңірмен бірге дамып келеді және оның қажеттіліктеріне қарай нақты бағдарланады. Бүгін біз жаңа тарихи уақыттың куәсі болып, келесі миссияны ұстанамыз. Қостанай облысының машина жасау кластерін одан әрі дамыту үшін ғылымды, білімді және нақты өндірісті интеграциялау есебінен синергетикалық әсер алу, ҚР машина жасау саласының орталығын құру.

Мемлекет басшысы іске қосқан Қазақстанның үшінші индустрияландырылуы Қазақстан үшін маңызды мәселелерді шешуге бағытталған. Оған ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер көмектеседі. Жоғары оқу орындары мен өнеркәсіптің коллаборациясы инновациялық жаңалықтарға серпін беріп қана қоймай, жоғары білім беруді жаңғыртуды қамтамасыз етеді.

Біздің университет пайдалы болуға дайын және Қостанай облысын дамытуға бағытталған барлық бастамаларға толық қолдау көрсетеді.

 

Қабылдау комиссиясы