Бүгін Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Бақыткүл Оспанованың қатысуымен биылғы университет түлектерімен онлайн-вебинар өткізді. Вебинар мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқандарға арналған. Түлектерге мемлекеттік қызметке бару ережелері туралы түсіндіріліп, ақпарат берілді.
Zakon.kz сайтының хабарлауынша, мемлекеттік қызметке түскісі келетіндер көп. Бұл кадрларды іріктеудің жаңа жүйесін енгізумен байланысты. Үміткерлер мемлекеттік тілді, заңнаманы жетік білетіндіктерін дәлелдейтін тестілеуден өтулері керек, бұл кезеңдерден кейін сұхбаттасуға барады. Сонымен қатар, жеке тұлғалық қасиеттерге автоматтандырылған баға беру жүйесі енгізілді, бұл өтініш берушілердің этика, бастамашылдық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін көрсетеді.
Вебинар соңында спикерлер онлайн-вебинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.