object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 10:24:55.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Мемлекеттік қызметке барғысы келетіндер үшін

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Мансап және жұмыспен қамту орталығы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен бірлесіп, мемлекеттік қызметке кіргісі келетін оқу орнын тамамдаушы түлектер үшін онлайн форматта бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңке Zoom бағдарламасы арқылы өтті, сонымен қатар Facebook, Igstagram және Telegram әлеуметтік желілерінің тікелей эфирлерінде көрсетілді. Модераторы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев. Алғы сөз Экономика және құқық институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының доценті Әлібек Табулденовке берілді.

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне Қостанай облысының қалалары мен аудандарының 20 әкімшілігі қатысты.

Онлайн жәрмеңкеге университеттің барлық 32 мамандығы бойынша студенттер қатысты, оларға 200-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды.

Түлектер аудандық / қалалық маңызы бар мемлекеттік органдар ұсынатын бос жұмыс орындарымен, мемлекеттік қызметке орналасу жағдайларымен танысты, сонымен қатар қызығушылық тудырған сұрақтарға жауап алды және Департаменттің әлеуметтік желілері арқылы (https://instagram.com/gossluzhba_kostanay?igshid=14xsj7lcudba9, https://www.facebook.com/adgskostanai/) электронды кеңестер алды.

Қабылдау комиссиясы