object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 07:58:15.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Мемлекеттік дәстүр сабақтастығы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қостанай өңірлік университетінің «Рухани жаңғыру» және Қазақстан халқы ассамблеясы кеңсесінің бастамасымен «Мемлекеттік дәстүр сабақтастығы: Алаш автономиясы, Қазақ Республикасы, Тәуелсіз Қазақстан» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Республикалық деңгейде өткен іс-шараны А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің Тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың м.а. Азамат Исабаев ашып берді.

Дөңгелек үстел барысында тәуелсіз еліміздің еркіндікке қол жеткізгенге дейінгі күйі, бүгінгі жетістіктері сөз болды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы Сұлтанхан Аққұлұлы «Алаш идеясы – Қазақ жеріндегі демократиялық құндылықтардың алғашқы насихатшысы» тақырында баяндама оқыды. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов Қазақ Республикасы, Алаш автономиясы жайында өз ойымен бөлісті. Ал ҚР БҒМ ҒК Мемлекеттік тарих институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аяған Бүркітбай «Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасы: тағылым және таным» тақырыбын талқылады.

«Рухани жаңғыру және ҚХА» кеңсесінің басшысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Әбсадық; философия кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Оралбай Қабыл; философия ғылымдарының кандидаты, доцент Айгүл Амантаева сияқты А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің бірнеше ғалымдары да сөз сөйледі.

«Дөңгелек үстел барысында тарихымызға көз жүгірттік, еркіндікке жету жолындағы елеулі есімдер мен оқиғаларды еске алдық»,-дейді іс-шараға қатысушылар.  

Қабылдау комиссиясы