А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің кәсіподақ ұйымы дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды. Бұл акцияның аясында оқу ордамыздың көпбалалы және азқамтылған он қызметкеріне қаржылай көмек көрсетілді. Отбасындағы әр балаға мектеп жабдықтарын алу үшін он мың теңгеден бөлінді. Бас-аяғы бұл акцияға университет кәсіподағынан төрт жүз мыңдай қаржы жұмсалды. Аталмыш акцияны университетте жыл сайын өткізу дәстүрге айналған.