object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 06:38:24.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру

Талапкерлерге кәсіптік бағдар беру – жастардың болашағы үшін жасалған маңызды көмек. Мектеп түлектеріне өмірлік кәсібін табуға бағдар беру - маңызды да жауапты іс.

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы үміткерлер арасында мансаптық бағдарлаудың, орта мектеп оқушыларының кәсіби құзіреттерін дамытудың кешенді жүйесін жүзеге асырады. Кәсіби бағдар берудің жаңа және қолданыстағы формалары мен әдістеріне кафедрада ерекше көңіл бөлінеді. Журналистер әлеуметтік желілерді, жоғары сынып оқушыларымен кездесулер мен тікелей эфирлерді белсенді қолданады. Облыс мектептері мен колледждерінің түлектерімен кезекті видеоконференция ерекше болды.

Алдымен олар журналистика білім беру бағдарламасына түсу үшін тапсырылатын шығармашылық емтихандарының талаптары мен оның онлайн фораматы туралы айтты. ҚМУ-де шығармашылық емтиханның онлайн өткізілуі алғаш рет.

ZOOM платформасында облыс орталығының және шалғайдағы ауылдық мектептердің түлектерінің бастары бірікті. Оларды мазалайтын сұрақтар бірдей екен. Мәселен: емтихандардың өту тәртібі. Уақыты, қабылдау комиссиясының жұмысы, колледж түлегі кешенді тестілеуге үлгермесе не істеу керек және жатақхана мәселесі толғандырады екен.

Сонымен қатар біз біз университетте алғаш рет өткізілген «Мені қоршаған әлем» шығармашылық байқауының жеңімпазын құттықтадық.

Тагил орта мектебінің түлегі Роман Шулекин А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ректорының білім грантын жеңіп алды.

Роман конкурстың 2 кезеңінен сәтті өтті және бұл сертификат оған ҰБТ-ны сәтті аяқтаған жағдайда университетте тегін оқу құқығын береді.

Қабылдау комиссиясы